Введите номер документа
Прайс-лист

«Өнеркәсiптiк толық маусым iшiндегi жұмысы жыл бойғы жұмыс үшiн зейнетақы тағайындауға арналған стажға есептелетiн маусымдық салаларының тiзiмi мен Орындалу уақыты денсаулық сақтау мекемелерi медициналық қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына зейнетақы тағайындау арналған еңбек стажының бiр жарым мөлшерiне есептелетiн жұмыстардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 желтоқсандағы № 1679 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 3 декабря 1997
Статус
Утратил силу
утратил силу с 20 ноября 2013

Өнеркәсiптiк толық маусым iшiндегi жұмысы жыл бойғы жұмыс үшiн зейнетақы тағайындауға арналған стажға есептелетiн маусымдық салаларының тiзiмi мен Орындалу уақыты денсаулық сақтау мекемелерi медициналық қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына зейнетақы тағайындау арналған еңбек стажының бiр жарым мөлшерiне есептелетiн жұмыстардың тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 желтоқсандағы № 1679 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 865 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

Қоса берiлiп отырған:

Өнеркәсiптiң толық маусым iшiндегi жұмысы жыл бойғы жұмыс үшiн зейнетақы тағайындауға арналған стажға есептелетiн маусымдық салаларының тiзiмi;

Орындалу уақыты денсаулық сақтау мекемелерi медициналық қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына зейнетақы тағайындауға арналған еңбек стажының бiр жарым мөлшерiне есептелетiн жұмыстардың тiзбесi бекiтiлсiн.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Н. Балғымбаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

1997 жылғы 3 желтоқсандағы

№ 1679 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

Орындалу уақыты денсаулық сақтау мекемелерi медициналық қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына зейнетақы
тағайындауға арналған еңбек стажының бiр жарым мөлшерiне есептелетiн жұмыстардың
ТIЗБЕСI

 

 ____________________________________________________________________

     Жұмыстардың атауы                | Қызметi

_____________________________________________________________________

               Республикалық, облыстық, қалалық, аудандық

        патологиялық-анатомиялық бюролар, емдеу мекемелерiнiң

                  патологиялық-анатомиялық бөлiмдерi

Мәйiттердi патологиялық-анатомиялық   |   патологанатом дәрiгерлер

ашу және операция мен биопсия кезiнде |

алынған мәйiттiк материалды, органдар |

мен еттердi гистологиялық зерттеу     |

                                      |

Патологиялық-анатомиялық ашуларды     |   орта медициналық қызметкерлер

жүргiзуге қатысу. Мәйiттiк,           |   кiшi медициналық қызметкерлер

операциялық және биологиялық          |

материалдарды өңдеу                   |

                                      |

        Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық

       сақтау министрлiгiнiң Сот медицинасы орталығы, облыстық,

  қалалық, аудандық, ауданаралық сот-медициналық сараптама бюролары

                                      |

Мәйiттер мен мәйiттiк материалды      |   Дәрiгерлер сот-медициналық

сот-медициналық ашу және зерттеу      |   сарапшылар

                                      |

Сот-медициналық ашуларды және         |   Орта медициналық қызметкерлер

мәйiттiк материалды өңдеудi           |   Кiшi медициналық қызметкерлер

жүргiзуге қатысу                      |

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

1997 жылғы 3 желтоқсандағы

№ 1679 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

Толық маусым iшiндегi жұмыс зейнетақы тағайындау үшiн бiр жылдық стажға есептелетiн өндiрiстiң
маусымдық салаларының
ТIЗIМI

 

Ағаш дайындау және ағаш ағызу

Ет және сүт өнеркәсiбi

Балық өнеркәсiбi

Өнеркәсiптiң қант және консервi салалары

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом