Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Темір жол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісім (Алматы қ., 1997 жылғы 8 сәуірде)

Информация о документе
Датавторник, 8 апреля 1997
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 8 апреля 1997

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Темір жол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы
келісім
(Алматы қ., 1997 жылғы 8 сәуірде)

 

ҚР 1999 жылғы 20 мамырдағы № 386-1 Заңымен ратификаяланды

1999 ж. 8 маусымда күшіне енді

 

Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Қырғыз Республикасының Үкіметі:

1992 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Түркiменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Темір жол көлiгiнiң қызметiн реттеу туралы келісімдi,

1992 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Түркiменстан және Өзбекстан Республикасының Үкiметтерi арасындағы көлiк саласындағы ынтымақтастықтың принциптерi мен қарым-қатынастардың шарттары туралы Келісімдi,

1994 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы ортақ экономикалық кеңiстiк құру туралы Шартты негiзге ала отырып,

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы темір жолдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында төмендегiлер туралы осы Келісімге қол қойды:

 

 

1-бап

 

Тараптар бiр мемлекеттiң темір жолы құрамына кiретiн, осы Келісімнiң қолданыс мерзiмiне өзi балансында тұрған кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың басқаруына берiлген, бiрақ екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан мүлiктi темір жол көлiгiнiң мүлiгi деп есептеуге келiстi.

Осы Келісімде пайдаланылған түсiнiктер төмендегiлердi бiлдiредi:

«темір жол көлiгiнiң мүлкi» - кәсiпорындар, олардың жеке объектiлерi, сондай-ақ осы келісімге қол қою кезiңде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы темір жолдарының құрамына кiретiн учаскелерде орналасқан мекемелер мен ұйымдардың мүлкi және жолаушылар мен жүк тасымалдарын қамтамасыз етедi, жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсетеді, темір жолшылар мен олардың отбасыларына қызмет етедi. Осы Келісімнің қызмет аясына қатысты темір жол учаскелерiнiң Тiзiмi осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын № 1 Қосымшада келтiрiлген;

«мүлiктi басқару» кәсiпорындарға қатысты - осы мүлiктi билеу мүлiк иесiнiң немесе мүлiк иесi уәкiлдеген органның келісімiмен жүзеге асырылатын қозғалмайтын мүлiктен, қозғалмалы құрам мен контейнерлерден басқа кәсiпорынның балансындағы мүлiктi иелену, пайдалану және билеу бойынша шаруашылық жүргiзу құқығы;

мекемелер мен ұйымдарға қатысты - мекемелер мен ұйымдарға бекітілген мүлiктi иелену, пайдалану және билеу бойынша шұғыл басқару құқығы. Мекеме мен ұйымның смета бойынша бөлiнген қаржысы есебiнен алынған өзiнiң атына бекітілген мүлiктi бөлектеуге немесе басқа әдiспен билеуге құқығы жоқ.

 

 

2-бап

 

Темір жол көлiгiнiң мүлiгі өзi оның аумағында орналасқан мемлекеттiң меншiгi болып табылады.

Темір жол көлiгiнiң жаңадан салынған объектiлерi мен жаңадан сатып алынған жылжымалы мүлiк өздерi оның қаржысына салынған немесе сатып алынған мемлекеттiң меншiгi болып табылады.

Темір жол құрамына кiретiн кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың жеке мүлiгi мемлекет иелiгiнен алынбайды және жекешелендiрiлмейдi.

 

 

3-бап

 

Осы Келісімнiң iс-әрекетi кезеңiне темір жолдарға бөлiнген жерлер мен стансалар (жол бойының маңайын қосқанда), құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, қорғайтын және нығайтатын ағаш егiстерi және кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың өзге де объектiлерi (бұдан әрi темір жол көлiгiнiң жерлерi деп аталады) осы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың пайдалануында болады.

Темір жол көлiгi кәсiпорындары, мекемелерi мен ұйымдарының өндiрiстiк және әлеуметтiк базасын дамытуға жер беру, сондай-ақ темір жол көлiгiнiң жерлерiн пайдалану тәртібі олар аумағында орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес белгiленедi.

 

 

4-бап

 

Жер салығы оның аумағында темір жол көлігінің жерлері орналасқан мемлекеттің заңдарына сай белгіленеді.

 

 

5-бап

 

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қырғыз Республикасы темір жолдарының кәсiпорындарын, мекемелерi мен ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру мен тарату, Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы темір жолдарының кәсiпорындарын, мекемелерi мен ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру мен тарату сияқты, олар аумағында орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес екi Тараптың немесе олар өкiлдеген мемлекеттік органдардың келiсуi бойынша жүргiзiледi.

Кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қызметiн қаржыландыру олар құрамына енетiн темір жолдар үшiн белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.

 

 

6-бап

 

Осы Келісімнiң қызмет аясына қатысты темір жол учаскелерi арқылы жолаушылар мен жүктер тасымалдары кезiнде темір жол тарифтерiн қолдану тәртібі осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын № 2 Қосымшада келтiрiлдi.

 

 

7-бап

 

Кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегi мен еңбек ақысының мәселелерi осы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар темір жолдарының құрамына кiретiн мемлекеттің заңдарына сәйкес реттеледi.

Аталған кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерiне, сондай-ақ осы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс iстеген еңбек ардагерлерiне олар аумағында тұратын мемлекеттiң азаматтары үшiн белгiленген барлық әлеуметтiк жеңілдіктер мен кепілдіктердің күші жүреді.

 

 

8-бап

 

Осы Келісімнiң қызмет аясына қатысты кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда сақтандыру қызметi өздерi аумағында орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес белгiленген тәртiпте жүзеге асырылуы мүмкiн.

 

 

9-бап

 

Бiр Тарап мемлекетiнiң аумағынан осы мемлекеттiң аумағына, сондай-ақ бiр Тарап мемлекетiнiң аумағынан екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына бiр темір жол шектерiнде орналасқан темір жол учаскелерi арқылы тасымалданатын жүктi алып жүретiн әскери күзеттiң қарулы нарядтарын, сондай-ақ жолаушылар мен жүктер тасымалдарына байланысты жолаушы пойыздарына, жүктерге, алып жүретiн тұлғаларға ерiп жүретiн милиция нарядтары мен әскери нарядтарды (қарауылдарды) Тараптардың тиiстi органдарына алдын-ала мәлiмдеумен, жүктелген тапсырмаларды орындауға нақты көмек көрсетумен, құзырлы органдардың қаруға берген құжаттарын көрсеткен бойда жүзеге асырылады.

 

 

10-бап

 

Осы Келісімнiң қолданылу аясына қатысты мәселелер бойынша Тараптардың арасындағы пiкiр алшақтықтары мен даулар екiжақты келiссөздер жолымен шешiледi.

 

 

11-бап

 

Осы Келісім Тараптардың өзара келiсуi бойынша өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.

 

 

12-бап

 

Осы Келiсім күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттік процедураларды Тараптардың орындағаны туралы олардың соңғы мәлiмдемелерi түскен күнiнен бастап күшiне енедi және Тараптардың бiреуiнiң жазбаша түрде оның күшiн тоқтатқысы келетiнi туралы өзiнің ниетiн мәлiмдеген күннен бастап алты ай өткенге дейiн күшінде болады.

 

1997 жылғы 8 сәуірде Алматы қаласында, екi данада, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiндердiң де күшi бiрдей. Осы Келісімдi түсiндiруде пiкiр алшақтықтары туындаған жағдайда, орыс тіліндегi мәтiн басымдыққа ие болады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының

Үкіметі үшін

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметімен Қырғыз Республикасының

Үкіметі арасындағы темір жол

көлiгiнiң кәсiпорындары, мекемелерi

мен ұйымдарының қызметiн құқықтық

реттеудiң ерекшелiктерi туралы Келісімге

№ 1 Қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының темір жолдары құрамына кiретiн
Қырғыз Республикасы темір жолдарының учаскелері

 

Республикалық Мемлекеттік «Қазақстан темір жолы» кәсiпорнының құрамындағылар (барлығы - 12 км):

Күркiреусу станциясы - Шөлдала станциясы - 12 км

(Шымкент-Жамбыл желісі)

 

Қырғыз Республикасы темір жолдарының құрамына кiретiн

Қазақстан Республикасының темір жолдарының учаскелері

 

Қырғыз Республикасы темір жолдарының құрамындағылар (барлығы - 59 км):

Қайыңды станциясы - Луговая станциясы - 59 км

(Бішкек-Луговая желісі)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Қырғыз Республикасының Үкіметі

арасындағы темір жол көлiгiнің

кәсіпорындары, мекемелерi мен

ұйымдарының қызметiн құқықтық

реттеудiң ерекшелiктерi туралы

Келісімге

№ 2 Қосымша

 

 

Осы Келісімнiң қызмет аясына қатысты темір жол учаскелерi
бойынша жолаушылар мен жүктер тасымалдары кезiнде темір жол
тарифтерiн қолдану тәртібі

 

№ 1 Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жолаушылар мен жүктердің транзиттi тасымалдары кезiнде құрамына осы учаскелер енетiн темір жолында күшi жүретiн тарифтер қолданылатын болады.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан қырғыз темір жол стансаларынан қарай Қазақстан Республикасының темір жол стансаларына және керi бағытта жолаушылар мен жүктер тасымалдары кезiнде Қазақстан Республикасының темір жолдарында күшi жүретiн тарифтер қолданылады.

Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қырғыз темір жол стансаларынан және керi бағытта жолаушылар мен жүктер тасымалдары кезiнде Қырғыз Республикасының темір жолдарыңда күшi жүретiн тарифтер қолданылады.

Аталған тасымалдар үшiн төлем валютасы Тараптар мемлекеттерiндегi қолданыстағы ережелерге сәйкес белгiленедi.

Осы Келісімнiң № 1 Қосымшасында көрсетiлген темір жол учаскелерінiң шектерiнде жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезінде осы учаскелер аумағында орналасқан мемлекеттің ішкі тарифтерi қолданылады. Бұл жағдайда тасымалдау үшiн төлемдер аумағында тасымалдар орындалатын мемлекеттiң валютасымен алынады.

Халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктер тасымалдарының төлемi қолданыстағы халықаралық Келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

Жүктердің транзиттiк тасымалдары үшiн төлем Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң тарифтiк келісімдері шеңберiнде жүзеге асырылады.

Тараптар Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағы (Шеңгелдi-Луговая желісі) арқылы жүктердi Қырғыз Республикасына транзиттi тасымалдау кезiнде қазақстан жағы қолданыстағы транзиттiк тарифке (ТП МТТ) жеңiлдiктер бере алады. Осыған орай жасалатын бағаны кемiтудiң процентi «Қазақстан темір жолы» Республикалық Мемлекеттік кәсiпорны мен «Қырғыз темір жолы» арасындағы жасалатын шарт бойынша экономикалық мүмкiндiк есептерi негiзiнде әрбiр фрахталық жылға белгiленедi.

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами