Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 21.01.03 Ж. № 64 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Террористiк акциялардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 21 қаңтардағы № 64 қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңының 17-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiліп отырған Террористiк акциялардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалту ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 21 қаңтардағы

№ 64 қаулысымен

бекітілген

Террористiк акциялардан зардап шеккен адамдарды

әлеуметтiк оңалту

ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

Осы Ереже «Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi, «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы«1997 жылғы 19 мамырдағы, «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi және террористiк акциялардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту тәртібін белгілейдi.

1. Террористiк акциядан зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалту осы Ережеде белгiленген тәртiппен тегiн қажеттi құқықтық көмектi (бұдан әрi - әлеуметтiк оңалту бойынша iс-шара) медициналық және психологиялық оңалтуды қамтиды.

2. Әлеуметтiк оңалтуға заңнамада белгiленген тәртiппен террористiк акциялар жасау фактiлерi бойынша қозғалған қылмыстық iстер бойынша зардап шегушiлер деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқығы бар.

3. Әлеуметтiк оңалту бойынша іс-шараларды тиiстi ұйымдардың жүзеге асыруы үшiн адамды зардап шегуші деп тану туралы заңнамада белгiленген тәртiппен шығарылған қаулы негiз болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом