Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы және ынтымақтастығы жөніндегі кеңес туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 651 бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 21 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы орынбасарының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 32-7.13 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ішкі істер органдарының үкіметтік емес сектормен ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы және ынтымақтастығы жөніндегі кеңес туралы ереже осы бұрыққа1-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы және ынтымақтастығы жөніндегі кеңестің құрамы осы бұрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майор Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Штаб-департаментіне (Б.С. Біләлов) жүктелсін.
3. Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 592 бұйрығының күші жойылсын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 13 қарашадағы № 651 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл
жасасуы және ынтымақтастығы жөніндегі кеңес туралы
ереже
1. Жалпы ереже
1. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу және ынтымақтастық жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) - Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) және үкіметтік ұйымдар (бұдан әрі - ҮЕҰ) арасындағы өзара іс-қимыл жасасуды және ынтымақтастықты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган.