Мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгерлерді бекіту қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 18 қазандағы № 06-7/148 бұйрығы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 11 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса берілген Мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгерлерді бекіту қағидасын бекіту туралы ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (Хайдаров А.Ш.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 06-7/148 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгерлерді бекіту
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгерлерді бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы ережеде мынадай түсініктер қолданылады:
1) тәлімгерлік - мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғалардың қызметтік міндеттерін өз бетінше орындауға кәсіби дайындау мен бейімдеу;
2) тәлімгер - мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған тұлғаға бекітілген, оның кәсіби даярлығына практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші;