Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8/89 «2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 15/145 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8/89 «2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 29 желтоқсанда № 2186 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 қаңтардағы № 1-2 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 17 023 007,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 10 427 403,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 534 757 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 621 429 мың теңге;
трансферттер түсімі - 5 439 418 мың теңге;
2) шығындар - 17 712 272,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 6 147 500 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 6 147 500 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 6 836 764,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 836 764,8 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі - 6 147 500 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 689 264,8 мың теңге.
Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;