Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 759 Қаулысы
(2012.08.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.08.06. № 767 Қаулысымен қағидасы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 шілдедегі
№ 759 қаулысымен
бекітілген
Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді, жолаушыларға темір жол вокзалдарында қауіпсіз және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасында темір жол вокзалдарының қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада мынадай анықтамалар қолданылады:
1) қосымша қызметтер - темір жол вокзалдарында темір жол вокзалдарының класына байланысты халыққа ұсынылатын, жолаушылар тасымалдау үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылмайтын қызметтер;
2) қызметтерді жеткізуші - темір жол вокзалының иесімен жасалған шарттар негізінде темір жол вокзалында жолаушыларға (халыққа) қызмет көрсететін тұлға;
3) темір жол вокзалдарының класы - орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) көлеміне, жолаушылар ағынына және техникалық жабдықталуына байланысты анықталатын вокзалдар мәртебесі;