Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1383 Қаулысы
(2016.30.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министр | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1383 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - агроөнеркәсіптік кешен саласында (балық аулауды қоспағанда) басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;
16-тармақта:
орталық аппаратта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) мынадай салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады:
тұқым шаруашылығы;
асыл тұқымды мал шаруашылығы;
өсімдіктер карантині;
астық нарығы;
өсімдіктерді қорғау;
ветеринария;
мақта саласын дамыту;
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;»;
3) тармақша алынып тасталсын;
18), 21) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: