Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 30 қазандағы № 503 бұйрығы
(2026.18.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026.01.09. № 109/қе бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Комитет Төрағасы | Н. Әбіқаев |
Қазақстан Республикасы
ҰҚК Төрағасының
2013 жылғы 30 қазандағы
№ 503 бұйрығымен бекітілген
Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан
Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау
қағидалары
1. Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидалары Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын шетелде болу кезеңінде жоғалтып алған Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау тәртібін белгілейді.