Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 8 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кәсіби стандарт құрылымы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кәсіби стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) белгіленген заңнамалық тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Г. Әбдіқалықова |
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі міндетін атқарушының
2012 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 374-ө-м бұйрығына
1-қосымша
Кәсіби стандарт құрылымы
1. Жалпы ережелер.
2. Кәсіби стандарт паспорты.
3. Еңбек қызметі түрлерінің карточкалары.
4. Кәсіби стандарт бірліктерінің тізбесі.
5. Кәсіби стандарт бірліктерінің сипаттамасы
6. Осы кәсіби стандарт негізінде берілетін сертификаттардың түрлері.
7. Кәсіби стандарттың әзірлеушілері.
8. Келісу парағы.
9. Кәсіби стандарт сараптамасы және оны тіркеу.
Ескертпе:
1. «Жалпы ережелер» тарауында кәсіби стандарттың қолдану саласы, сондай-ақ терминдер және анықтамалар, қолданылатын қысқартулар сипатталады.
2. «Кәсіби стандарт паспорты» тарауы:
1) экономикалық қызмет түрін (кәсіби қызмет саласын);