«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдарына функциялар табыстау туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 4 мамырдағы № 151-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 11 қарашадағы № 340-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 25) тармақшасына және 21-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдарына функциялар табыстау туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 4 мамырдағы № 151-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа берілген қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Мыналардың күші жойылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдарына функциялар табыстау туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 4 мамырдағы № 151-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 266-НҚ бұйрығы;