«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1438 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 212-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi» деген бөлімде:
«3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген кіші бөлімде:
«Сот актiлерiн орындау институтын жетiлдiру» деген 3-стратегиялық бағытта:
«Сот актiлерiн орындау институтының сапасын арттыру» деген 3.1-мақсатта:
«Атқарушылық іс-жүргізу органдарының тиімді жүйесін құру» деген 3.1.1-мiндетте:
тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шараларда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
2. Жеке орындау институтының жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау мақсатында заңнаманы жетiлдiру | | Х | Х | | |
»;
«Тәуекелдерді басқару» деген 6-бөлімде:
мына:
«
Компьютерлік жүйенің істен шығуы | Деректер қорының жоғалуы | Әділет министрлігінің компьютерлік жүйесін қорғау жөніндегі шараларды қабылдау. Әділет министрлігінің деректер қорының резервті көшірмелерін құру мәселелерін пысықтау |
»
деген жол алынып тасталсын;
«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлім осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№1438 қаулысына
қосымша