Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2013 жылғы 22 шілдедегі № 158 Бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1931101, индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1931101, индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Заңды тұлғаларға көрсетілген почталық қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1621101, индексі 1-тариф (почта), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Заңды тұлғаларға көрсетілген почталық қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1621101, индексі 1-тариф (почта), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтерінің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1111101, индексі 1-тариф (байланыс), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтерінің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1111101, индексі 1-тариф (байланыс), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;