Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.22.07. № 769 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерiн ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 769 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерiн ұйымдастыру ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметiнің

2005 жылғы 22 шілдедегі

№ 769 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасына ядролық материалдар мен иондаушы
сәуле шығару көздерiн есепке алу мен бақылаудың
мемлекеттік жүйелерiн ұйымдастыру
ережесi


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерiн ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңына сәйкес әзiрлендi.

2. Ереже ядролық қаруды таратпау режимiн қамтамасыз ету, ядролық материалдармен (бұдан әрi - ЯМ) және иондаушы сәуле шығару көздерiмен (бұдан әрi - ИСК) кездейсоқ зиянды сәулелену немесе оларды халыққа немесе қоршаған ортаға залал келтiру үшiн қасақана қолдану ықтималдығын азайту мақсатында ЯМ мен ИСК-нi есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерiн ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом