«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 14-ө бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 19-5/519 бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңның 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде кезеңдік басылымдарға және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су ресурстары
министрінің
2014 жылғы 23 қаңтардағы
№ 14-ө бұйрығымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігінің Cу ресурстары комитеті туралы
ереже
1. Жалпы ережелер