Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір
бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 279-НҚ Бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, «Көліктік сервис орталығы», «Казвторчермет», «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы», «Астана халықаралық әуежайы», «Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамдарының, «Батыс транзит XXI ғасыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Резерв» және «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН: