Введите номер документа
Прайс-лист

«Валюталық операция және шетелдік банктегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1567 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 31 декабря 2013
Статус
Утратил силу
утратил силу с 7 октября 2015

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 761 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1567 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Валюталық операция және шетелдік банктегі шот туралы хабарламаны растау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Валюталық операция және шетелдік банктегі шот туралы хабарламаны растау» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелері және аумақтық филиалдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге валюталық шарт туралы ақпарат ұсынған күннен бастап - жеті жұмыс күні өткенге дейін;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - валюталық операция туралы немесе шетел банкіндегі шот жөніндегі қағаз жеткізгіштегі хабарлама туралы куәлік.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжат:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша валюталық операция туралы немесе шетел банкінде шот ашу туралы толтырылған хабарлама.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами