Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.31.03 № 304 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 304 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 19 ақпанда және 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қайта аталсын.

3. Осы қаулыға 1, 2-қосымшаларда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне республикалық бюджетте және жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 31 наурыздағы

№ 304 қаулысына 1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта ұйымдастырылатын

аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

 

1. Ақтөбе әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Орал әскери тергеу бөлімі.

2. Алматы әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Қапшағай әскери тергеу басқармасы.

3. Қостанай әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Петропавл әскери тергеу бөлімі.

4. Шымкент әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Қызылорда әскери тергеу бөлімі.

5. Ақтау әскери тергеу бөліміне қосу жолымен Атырау әскери тергеу бөлімі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом