Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған Жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 70 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 498 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын» іске асыру жөніндегі іс-шараларды - орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын» іске асыру жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған Жол картасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Жауапты хатшысының
2014 жылғы 5 ақпандағы
№ 70 бұйрығына қосымша
«Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын» іске асыру жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған
Жол картасы
| р/с № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Іске асыру мерзімі | Орындаушы |
| 1. | Институционализация және әлеуетті жоғарылату |
| 1.1. | Тұжырымдаманы іске асыруға талап етілетін ТЭН-ді дайындау |
| 1.1.1. | АТ-инфрақұрылымында қажеттілікті алдын ала зерттеу (республикалық деңгейдегі МҰ, ДӨО үшін АТ-жабдығы және т.б.) | Ақпарат | 2014 жылғы қаңтар | РЭДСО |
| 1.1.2. | 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар бюджетін есептеу | Бюджеттің жобасы | 2014 жылғы наурыз | ЭДДД, РЭДСО |
| 1.1.3. | Қолданыстағы ДБАЖ ТЭН (019 РББ-ға) өзгерістерді енгізу және ЭБЖМ-мен (МЖӘ), ККМ, Қаржыминімен келісу | Бұйрық | 2014 жылғы наурыз | ЭДДД, РЭДСО |