Қазақстан Республикасының
Заңы
Мақта саласын дамыту туралы
(2013.13.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң мақта саласын дамытудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасында мақтаны өндіру, өңдеу, сақтау және өткізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) кепiл куәлiгiн ұстаушы - кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттемеде мақтаны кепiлге ұстаушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
2) қойма куәлiгiн ұстаушы - кепiлмен ауыртпалық жасалған мақта иесi; қойма куәлiгiмен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
3) линт - мақта талшығын мақта тұқымынан ажыратқаннан кейiн қалған тұқымның талшықты қабығы;
4) мақта - шиттi мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы;