Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығы
(2013.27.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жүйесін жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | |
Қазақстан Республикасы Президентінің
2008 жылғы 1 шілдедегі
№ 625 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Жастар саясаты жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
2. Кеңестің негізгі міндеттері
3. Кеңестің негізгі міндеттері:
жастарға қатысты кешенді мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау;
Қазақстан Республикасының Президентін жастар арасындағы ахуал туралы хабардар етіп отыру;
мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігіне талдау жасау;
мемлекет саясатының жастарға қатысты өзге де маңызды сұрақтарын талқылау болып табылады.
3. Кеңестің функциялары
4. Осы Ережеде айқындалған негізгі міндеттерді іске асыру үшін Кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады: