Кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға тексеру жургізу жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 253 өкімі
Осы редакция 2014 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға тексеру жүргізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Комиссия 2014 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде заңнамаға тексеру жүргізуді жүзеге асырсын және кәсіпкерлік субъектілері қызметінің жағдайларын жақсарту мен мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын ретке келтіруге бағытталған ұсыныстар әзірлесін.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 253 өкіміне
ҚОСЫМША
Кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға тексеру жүргізу жөніндегі комиссияның
құрамы
| Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, комиссия төрағасы |
| Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
| Әбдірақымов Ғабидолла Рахматуллаұлы | - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары |
| Донақов Талғат Советбекұлы | - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары |