Введите номер документа
Прайс-лист

«Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 23 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 3 февраля 2014
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 3 февраля 2014

«Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 23 бұйрығы

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2-тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 шілдеде № 6334 болып тіркелген, 2010 жылғы 28 шілдедегі № 196 (26257) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Тіркелімдер және жарияланымдар департаменті Заң департаментімен бірге заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдасын;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігінің төрағасы

 

Ә. Смайылов

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом