Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі
2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 Қаулысы
(2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө.Исекешевке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 1308 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі
2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
ҚР Үкіметінің 2013.03.07. № 681 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағдарламаның паспорты
| Бағдарламаның атауы | Қазақстан Республикасында Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама |