«Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 665-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 6 бірлескен бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 851 және ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 656 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
Ұлттық біліктілік жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8022 тіркелген, 2012 жылғы 24 қарашадағы № 771-775 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңбері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (Оспанов А.А.) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.