Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 12 ТАМЫЗДАҒЫ № 805 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның, сорттық және егiстiк сапасын сараптау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 тамыздағы № 805 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның, сорттық және егiстiк сапасын сараптау ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2003 жылғы 12 тамыздағы

№ 805 қаулысымен

бекітілген

 

 

Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн тұқымның,

оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне

арналған тұқымның, сорттық және егу сапасын сараптау

ережесi

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже 037 «Тұқымдық және отырғызу материалының сорттық және егу сапасын айқындау» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн тұқымның оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның сорттық және егу сапасын сараптау тәртібін айқындайды.

2. Тұқымның сорттық және егу сапасын сараптау жөніндегі қызметтi жеткізушiнi таңдау Қазақстан Республикасының тауарларды, қызметтер көрсетудi және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом