«Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 111 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығымен күші жойылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 10-бабының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6755 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) «Егемен Қазақстан» газетінде, 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 8 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген атқарушылық әрекеттерді кейінге қалдыру туралы қаулы нысанын (13-қосымша) алып тастау;
осы бұйрықпен бекітілген атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы (14-қосымша) мен борышкердің мүлкін өндіріп алушыға беру туралы қаулы (25-қосымша), жасалған атқарушылық іс-әрекеттерге төленетін сома және атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін төленетін соманы бекіту туралы қаулы (44-қосымша) нысандары осы бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетов):
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.