Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және Бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 14 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 187-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ұсынылып отырған ереже бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (Б. Тортаев) мен Заң департаменті (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
ҚР Экономикалық даму және сауда министрдің м.а. 2012.18.04. № 115 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2009 жылғы 16 шілдедегі
№ 151 бұйрығымен
бекітілген
Бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы осы қағида (бұдан әрі - Қағида) мемлекеттік бюджеттен бюджеттік кредит беру ретінде қаражат бөлудің орындылығын қарау мен айқындау тәртібін анықтайды.
2. Бюджеттік кредиттер:
1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілген;
2) ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер мәслихаттар шешімімен бекітілген тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға және сомалар шегінде беріледі.
3. Бюджеттік кредиттер:
1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;
2) мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруға;
3) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға;
4) төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығының орнын толықтыруға;
5) мемлекеттің әлеуметтік саясаты міндеттерін шешуге беріледі.
4. Бюджеттік кредиттер беру мынадай:
1) бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;