ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 319 қаулысымен
бекітілген
«Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәтінен бастап - күнтізбелік 90 (тоқсан) күн.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініште, сауалнамада мәліметтерді толық көрсетпеген не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, бас тартудың себептерін көрсете отырып, куәлікті беруден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша жол берілетін уақыты - 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты - 30 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.