Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының м.а. 2014 жылғы 21 ақпандағы № 36-НҚ бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 369 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) Заң қызметі департаменті (А.М. Қанапин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Агенттіктің Стратегиялық жоспарлау департаменті (Г.М. Арғынбаева) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Агенттік төрағасының 2012 жылғы 3 шілдедегі № 255-НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7802 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 15 тамызда № 268-270 (27087-27089) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің жауапты хатшысы Н.Ә. Әбдіге жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төрағаның міндетін атқарушы | Ә. Мәтішев |
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігi
(Монополияға қарсы агенттік)
төрағасының міндетін атқарушының
2014 жылғы 21 ақпандағы
№ 36-НҚ бұйрығымен
бекітілген
«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау»
мемлекеттік қызметінің регламентi
1. Жалпы ережелер