Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы
лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет
елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 Қаулысы
(2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 32-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдар тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестірілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.28.12. № 1625 Қаулысымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.31.05. № 723 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.20.12. № 1647 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.14.05. № 482 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 683 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 530 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет
персоналы лауазымында болған тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің
персоналына теңестірілетін лауазымды адамдар
| № | Халықаралық ұйымдағы лауазымды адам | Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде теңестірілетін лауазым |
| 1 | 2 | 3 |
| Біріккен Ұлттар Ұйымының Женева қаласындағы бөлімі (Женева қаласы, Швейцария Конфедерациясы) |