ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 200 қаулысымен
бекітілген
«Дара кәсіпкерлерге патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Дара кәсіпкерлерге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Дара кәсіпкерлерге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардағы Салық басқармалары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:
1) көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі - Салық төлеушінің кабинеті), Салық есептілігін өңдеу сервистері (бұдан әрі - СЕӨС) ақпараттық жүйесі арқылы;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) салық органының ақпараттық жүйесінде дара кәсіпкерлер үшін арнайы салық режимін қолдануға патентті (бұдан әрі - Патент) қалыптастыру - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес Патент құнының есебін (бұдан әрі - Есеп) тапсырған күнінен кейінгі бір жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.