«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 143 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 724 бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 1 және 2014 жылғы 14 наурыздағы хаттамаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) осы бұйрыққа 9-1-қосымшаға сәйкес ақы төлеу бір төсек күн үшін жүзеге асырылатын онкологиялық аурумен ауыратын балаларға оңалту көрсететін республикалық медициналық ұйымдар үшін тариф;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8-қосымшада:
9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
| « | 9 | «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ Қызылорда филиалы | 224 826 | »; |