«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 67-Ө бұйрығы
(2016.08.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығымен күші жойылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 10-тармағының 9-1) және 9-4) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Ауданның (қаланың), облыстың (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысы;
2) Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ереже;
3) Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік