Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 348 Қаулысы
(2013.18.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 сәуірдегі
№ 348 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.18.09. № 983 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 144-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 863-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: