«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 214 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 724 бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына, 3 тармақтың 8-бабына және «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 8, 9 - қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 1 сәуірде туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 24 сәуірдегі
№ 214 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 8 қаңтардағы
№ 11 бұйрығына
8-қосымша