Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы 1-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 1293 қаулысымен
бекітілген
Инвестициялық стратегиялық жобалардың
тізбесі
| Р/с № | Жобаның атауы |
| 1 | 2 |
| 1 | Хлор мен каучук содасын мембраналық әдіспен өндіруді ұйымдастыру |
| 2 | Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту |
| 3 | Екібастұз МАЭС-1 қайта жаңарту және кеңейту |
| 4 | Ақтау пластикалық масса зауытында жол битумдарын өндіру |
| 5 | Метталлургиялық қайта бөлу мен инфрақұрылым объектілерін қамтитын металлургиялық кешен салу |
| 6 | Атырау облысында алғашқы ықпалдастырылған газ-химия кешенін салу |
| 7 | Қазақстанда поликристалды кремний өндіретін зауыт салу |
| 8 | Мұнай мен құрғақ жүктерді аудару көлемін ұлғайту үшін Ақтау халықаралық теңіз сауда портын кеңейту |
| 9 | Балқаш ЖЭС-ін салу |