Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 496 Бұйрығы
(2014.11.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 1 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 3 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық, коммуналдық және өзге де шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын көлемі және стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке арналған медициналық қызметтердің құнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес медициналық-экономикалық тарифтер бойынша онкологиялық аурулармен ауыратын балаларды емдеуге тарифтер;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.»;
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 20-қосымшамен толықтырылсын.
2) ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014.11.02. № 76 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 230 бұйрығында:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.