2014 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 69 бұйрығы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарлары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Комитет) Жоспарды белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасы Б.Б. Қанешевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді
Бірінші вице-министр | А. Рау |
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
бірінші вице-министрінің
2014 жылғы 7 наурыздағы
№ 69 бұйрығымен бекітілген
2014 жылға арналған мемлекеттік стандарттау
жоспарлары
№ р/с | Тапсыр-ма коды (тақы-рыптар) МКС коды (МК ИСО/ИНФО МКС бойынша 001 -96) | Ұлттық стандарт жобасының атауы Жұмыс түрі | Әзірлеме мақсаты (негіздеме) | Қаржыландыру көзі | Жұмыстарды орындау мерзімдері | Орындаушы ұйым |
Әзірлеме басы | Жобаның соңғы редакциясын уәкілетті органға бекітуге ұсыну |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Энергетика |
1. | 73.040 | ҚР СТ «Көмір. Жалпы петрографиялық құрамын анықтау» Алғашқы рет | МЕМСТ ISO 7404-2:2012 және МЕМСТ ISO 7404-3:2012 ескеріп әзірлеу. КО ТР дәлелқоры | республикалық бюджет | ақпан | қараша | ҚР ИЖТМ ТРМК (ЭКӨД) |
2. | 75.160.20 | ҚР СТ «Көмір. 0,045 мм-ден кем іріліктегі көмірдің гранулометриялық құрамын анықтау» Алғашқы рет | КО ТР дәлелқоры | республикалық бюджет | ақпан | қараша | ҚР ИЖТМ ТРМК (ЭКӨД) |
3. | 75.160.20 | ҚР СТ «Қатты отын. Құрама сынамаларды дайындау» Алғашқы рет | КО ТР дәлелқоры | республикалық бюджет | ақпан | қараша | ҚР ИЖТМ ТРМК (ЭКӨД) |
4. | 75.160.20 | ҚР СТ «Көмір брикеттері. Термиялық төзімділігін анықтау» Алғашқы рет | КО ТР дәлелқоры | республикалық бюджет | ақпан | қараша | ҚР ИЖТМ ТРМК (ЭКӨД) |