Введите номер документа
Прайс-лист

«Жергілікті жер комендатурасының қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 821 Жарлығы

Информация о документе
Датапятница, 23 мая 2014
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 23 мая 2014

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Жергілікті жер комендатурасының қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы

«Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Жергілікті жер комендатурасының қызметі туралы үлгі ереже бекітілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2014 жылғы мамырдың 23-і.

 

№ 821

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2014 жылғы 23 мамырдағы

№ 821 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Жергілікті жер комендатурасының қызметі туралы
ҮЛГІ ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер

 

1. Жергілікті жердің комендатурасы орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын уақытша арнаулы орган болып табылады.

2. Жергілікті жердің комендатурасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Жергілікті жер комендатурасының қызметі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.

3. Жергілікті жердің комендатурасы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен барлық жеке және заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ ішкі істер органдары, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның бөлімшелері, төтенше жағдай енгізілген жерде орналасқан (дислокацияланған) және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін қосымша жұмылдырылған әскери құралымдар бастықтарының (командирлерінің) тиісті аумақта орындауы үшін міндетті жергілікті жер комендантының бұйрықтарымен және өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом