Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестiру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1633 Қаулысы
(2013.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестiру кеңес(бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2013.17.06. № 607 Қаулысымен құрамы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1633 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі
үйлестіру кеңесінің құрамы
| Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
| Келімбетов Қайрат Нематұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
| Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы |
| Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі |
| Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі |
| Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
| Досаев Ерболат Асқарбекұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі; |
| Имашев Берік Мәжитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі |