ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 83 бұйрығына
2-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 146 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы қағаз жүзіндегі анықтама болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден тұрады:
1-рәсім - өтінішті 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдау және тіркеу;
2-рәсім - «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтаманы ресімдеу;
3-рәсім - «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтамаға қол қою және кеңсеге жіберу (2 және 3-рәсімдер 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады);
4-рәсім - «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтаманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркеу және оны көрсетілетін қызметті алушының қолына беру немесе поштамен жіберу.