ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 83 бұйрығына
4-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының шығыстарын өтеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 146 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының шығыстарын өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - шығыстарды өтеу бойынша қаражатты көрсетілетін қызметті алушының банк шотына теңгемен аудару.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-әрекетті) бастау үшін стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттармен қоса көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіз болып табылады;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мынадай рәсімдерден тұрады:
1-рәсім - құжаттар топтамасын қабылдау және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде өтінішті тіркеу;
2-рәсім - құжаттардың толықтығын, алдыңғы төлемнің барын және стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген шығыстарды өтеу сәйкестілігін тексеріп, күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде ОҰБ-ға келісуге жіберу;
3-рәсім - көрсетілетін қызметті алушының «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты мәртебесінің болуы туралы деректерді, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметтерді күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде тексеру;