Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 563 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 28 мая 2014
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 28 мая 2014

«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 563 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 800-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:

4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерін күзетуді 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жыл сайын ұсынатын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері қамтамасыз етеді.».

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 28 мамырдағы

№ 563 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің

тізбесі

 

1. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 36, 364-құжат).

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом