«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/123 Қаулысы
(2015.05.01. берілген толықтырулармен)
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № А-6/261 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.
3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн аяқталған соң, алайда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысының қолданысқа енгізілгенінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Қ. Айтмұхаметов |
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 3 сәуірдегі
№ А-4/123 қаулысымен
бекітілген
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер