Қазақстан Республикасының облыстар бөлігінде денсаулық сақтау объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуы мен өрт қауіпсіздігін жүргізу жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 998 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі отырысының 2010 жылғы 8 қазандағы Хаттамасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының облыстар бөлігінде денсаулық сақтау объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуын мен өрт қауіпсіздігін жүргізу жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Облыстардың Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары Жоспарда белгіленген іс-шараларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Жауапты хатшысының
2010 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 998 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының облыстар бөлігінде денсаулық сақтау объектілерінің инженерлік-техникалық
нығайтылуын мен өрт қауіпсіздігін жүргізу
жоспары