Введите номер документа
Прайс-лист

«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 5-2/197 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 16 апреля 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 28 сентября 2015

«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 5-2/197 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 5-2/673 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 1-3/490 бұйрығының 1-тармағының 12) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8065 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 28 желтоқсанда № 284 (28223) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Мамытбеков

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы 16 сәуірдегі

№ 5-2/197 бұйрығымен

бекітілген

 

 

«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - субсидияларды көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аудару, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом