Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 253 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 23 мая 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 5 апреля 2015

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 253 бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығымен күші жойылды

 

 «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 37) тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитеті (С.Ғ.Әубәкіров) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. «Өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарын арнайы даярлайтын бағдарламаларды, оқу курстарын және біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 310 бұйрығының күші жойылды деп саналсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6009 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы № 9).

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А.Смаиловқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі

 

В. Божко

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом