2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Минск қ., 2014 жылғы 30 мамырда)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 720 Қаулысымен бекітілді
Осы Хаттама 2014 жылғы 29 шілдеден бастап уақытша қолданылады, ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 17-1/2865 Хатын қараңыз
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тауар орын алған елден шыққан деп есептелетін орындалған шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне (Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауардың шығарылған елін айқындау ережесіне 1-қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. СЭҚ ТН коды «8415» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8415 | Ылғалдылығы жеке реттелмейтiн кондиционерлерді қоса алғанда, ауаның температурасы мен ылғалдылығын өзгертуге арналған қозғалтқышы мен приборлары бар желдеткiшпен жабдықталған, ауаны баптауға арналған қондырғылар | Мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген позициядағы материалдардан дайындау: - корпусты дайындау, электр өткiзгiш элементтерiн дайындау; - блоктарды құрастыру және монтаждау; - хладагент толтыру (конструкциясында хладагент құю көзделмеген және/немесе құю монтаждау кезінде жүзеге асырылатын жағдайлардан басқа); - параметрлерiн реттеу және бақылау |
»;
2. СЭҚ ТН коды «8702-8704» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«