Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы
(2014.23.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесiн айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адъюнкттар мен докторанттар - жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша жоғары арнаулы (әскери) оқу орындарында білім алатын қызметкерлер;
2) арнайы жиындар - арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік-жауынгерлік даярлығы жөніндегі іс-шаралар;
3) арнаулы атақ - қызметкерге берілетін арнайы айырым белгісі;